Республиканское общественное объединение
«Авторское общество «Абырой»
русский
казахский
Республиканское общественное объединение «Авторское общество «Абырой» создано представителями казахстанской творческой интеллигенции, обладателями авторских прав для управления на коллективной основе их имущественными авторскими правами, а также защиты их авторских прав.
Абырой авторлық қоғамының жалпы жиналысына шақыру. Болатын күні 12 желтоқсан 2018 жыл
23 Ноября 2018

    «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жалпы Жиналысын даярлау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысын 2018 жылдың желтоқсан айының 12 күніне шақыру белгіленгендігін хабарлайды.
    
Жиналыс дауыс беруге құқы бар «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің тікелей қатысуы түрінде немесе видеоконференцбайланыс арқылы өткізіледі.
    Жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, «BEST WESTERN PLUS ATAKENT» қонақжайы, Конференц-Холл.
    
Жиналыстың басталу уақыты: 11:00 сағат, 12 желтоқсан 2018 жыл.

Жиналысқа қатысуға құқы бар азаматтардың тізімі «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің 2018 жылдың қараша айының 30–ындағы операциондық күннің соңындағы реестр бойынша жасалынады.  

    Жиналысқа қатысуға құқы бар «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерін тіркеу 2018 жылдың желтоұсан айының 12-і күні сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, «BEST WESTERN PLUS ATAKENT» қонақжайы, Конференц-Холл мекен-жайында жүргізіледі.
Жиналысқа қатысуға құқы бар «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерін алыс қашықтықтан тіркеу электрондық пошта (org@abyroy.kz) WhatsApp (+77051306248), Skipe, Zoom арқылы жүргізіледі.
Жиналысқа қатысуға тіркелу үшін төмендегі құжаттар көрсетілуі тиіс:
-    «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі – жеке куәлігін;
-    «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесінің өкілі – қоғам мүшесінің сенім хаты және жеке куәлігі;
-    Жиналысқа қатысуға құқы бар тұлға ретінде тізімге енгізілген азаматтардың мұрагерлері – мұрагерлікті куәландыратын құжатты.

ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
1.    Қоғамның Авторлық Кеңесінің мүшелерін сайлау.
2.    Бірлестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
3.    Қоғамның Ревизилық комиссиясын сайлау.
4.    Әртүрлі мәселелер.

АҚПАРАТПЕН ТАНЫСУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

Жалпы Жиналысқа қатысуға құқы бар азаматтарға танысу және ұсыныстар енгізу үшін төмендегідей мүмкіншіліктер беріледі:
∙   қаралатын сұрақтар бойынша ұсыныстардың жобаларын жолдауға;
∙ Қоғамның Авторлық Кеңесіне және Ревизиялық комиссиясына үміткерлер туралы деректерді алуға;
∙ Қоғамның атаулы органдарына ұсынылған үміткерлердің жазбаша келісімдері туралы ақпараттарды алуға.

Ақпарат «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің электрондық почталарына 2018 жылдың 01 желтоқсан күні хабарлама жіберу арқылы жолданады.

«Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жалпы Жиналысын ұйымдастыру және өткізу бойынша комитет

Возврат к списку

г. Алматы, ул. Казыбек би, д. 65, офис 208
телефон: +7 (727) 267 00 57, 267 04 95 | факс: +7 (727) 272 05 17 | электронная почта: info@abyroy.kz
2012-2018 Республиканское Общественное Объединение «АВТОРСКОЕ ОБЩЕСТВО «АБЫРОЙ»