Республиканское общественное объединение
«Авторское общество «Абырой»
русский
казахский
Республиканское общественное объединение «Авторское общество «Абырой» создано представителями казахстанской творческой интеллигенции, обладателями авторских прав для управления на коллективной основе их имущественными авторскими правами, а также защиты их авторских прав.
Жарғыға өзгеріс және авторлық кеңес пен ревизиялық комиссиясына сайлау үшін дауыс беру тәртібі
5 Декабря 2018

Құрметтi достар!

1. Жарғыдағы өзгерістерге қалай дауыс беруге болады. Жарғыға өзгертулер енгізілу жəне қорытындылау 2018 жылдың 12 желтоқсанында өтетін Жалпы жиналыс күні дауыс беру арқылы өтеді.
Əр өңірлердегі Бірлестік мүшелеріне ыңғайлы болу үшін қазірден бастап мына алгоритм бойынша сырттай дауыс беруге болады: www.abyroy.kz сайтынан Бюллетенді басып шығарып, "қолдаймын", "қарсымын" немесе " қалыс қалу"  деген  белгіні басасыз да, өз қолыңызды қойып сканер копиясын немесе фотосын мына уотсап нөміріне жүктейсіз +7051306248. Сонымен қатар org@abyroy.kz поштасына да жібере аласыз. Сіздердің сырттай берген дауыстарыңыз 2018 жылдың 12 желтоқсанында өтетін жиналысқа қатысатын Бірлестік мүшелерінің дауыстарымен бірге есептелінеді. Бірлестік мүшелерінің дауыс берген тізімі мен басып шығарылған бюллетеньдердің барлығы мəжіліс залында болады жəне кез-келген адам құжаттардың түпнұсқалығына көз жеткізе алады.
http://abyroy.kz/developments/new/index.php?SECTION_ID=&ELEMENT_ID=79422

Бюллетень для голосования по правкам в устав http://abyroy.kz/upload/doc/Bulleten-po-Ustavu.doc

2. Авторлық Кеңес.
Авторлық Кеңес мүшелігіне  Бірлестіктің кез-келген мүшесі өз кандидатурасын ұсынуға құқылы. Авторлық Кеңес мүшелігінің кандидаттарын тіркеу мына құжаттар бойынша жүзеге асырылады:
- сайлауға түсуге өтінім берушінің келісімі ( сайттың қосымша бөлімінен формасын табасыз)
-кандидаттың сауалнамасы. ( сайттан аласыз)
-төлқұжатыңыздың көшірмесі.
Толтырылған формаларды жəне төлқұжатыңыздың көшірмесін мына электрондық поштаға жібересіз: org@abyroy.kz
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2018 жылдың 11 желтосанында кешкі сағат 18.00-ге дейін. Барлық тіркелген кандидаттардың аты-жөні қазақ тіліндегі алфавит бойынша рет-ретімен бюллетеньге енгізіледі.
2018 жылдың 11 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-да бюллетень сайтқа орналастырылады.Жиналысқа қатыса алмайтын Бірлестік мүшелері сырттай дауыс бере алатын мүмкіндігі болады. Бюллетеньдерді жинау жəне есептеу Жарғыдағы өзгерістерге дауыс бергендегідей тəртіппен жүзеге асады. Белгіленген бюллетеньдерді мына уотсап нөміріне +77051306248 немесе org@abyroy.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Бюллетень для голосования по кандидатам в Авторский Совет http://abyroy.kz/developments/new/index.php?SECTION_ID=&ELEMENT_ID=79419

3. Бақылау комиссиясын сайлау.
Бақылау комиссиясына Бірлестік мүшесімен қатар қалауын білдірген сарапшы (басқару, тексеру, аудит саласында құзыреті бар) да кандидатурасын ұсына алады.
Бақылау комиссиясына кандидаттарды тіркеу мына құжаттар бойынша іске асырылады:
- сайлауға түсуге келісім туралы өтініш ( сайттың қосымша бөлімінде формасы бар)
- кандидаттың сауалнамасы (сайттан аласыз).
-төлқұжатыңыздың көшірмесі.
Толтырылған формаларды жəге төлқұжатыңыздың көшірмесін мына электрондық поштаға жіберуіңізге болады  org@abyroy.kz
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2018 жыл 11 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін. Бақылау комиссиясы мүшелігіне кандидаттарға дауыс беру Авторлық Кеңесті сайлаумен ұқсас өтеді.

Бюллетень для голосования по кандидатам в Ревизионную Комиссию http://abyroy.kz/developments/new/index.php?SECTION_ID=&ELEMENT_ID=79421

Возврат к списку

г. Алматы, ул. Казыбек би, д. 65, офис 208
телефон / факс: +7 (727) 267 00 57, 267 04 95 | факс: +7 (727) 272 05 17 | электронная почта: info@abyroy.kz
2012-2018 Республиканское Общественное Объединение «АВТОРСКОЕ ОБЩЕСТВО «АБЫРОЙ»