Республикалық қоғамдық бірлестік
«Абырой» авторлық қоғамы»
русский
казахский
«Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қазақстандық шығармашылық зиялылар өкілдерімен, сонымен қатар авторлық құқықтарын қорғау, ұжымдық негізде олардың мүліктік авторлық құқықтарын басқарудың авторлық құқық иегерлерімен құрылған.
Қоғам туралы
«Абырой» Авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі авторлық құқық иелері болып табылатын қазақстандық шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен өздерінің мүліктік авторлық құқықтарын ұжымдық негізде басқару, сондай-ақ өз авторлық құқықтарын қорғау үшін 2010 жылдың 3 ақпанында құрылған.

Қоғам Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Қоғамдық бірлестіктер туралы, Коммерциялық емес ұйымдар туралы, Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы заңдарының және басқа да заңнамалық актілерінің нормаларына сәйкес құрылған

Қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны бойынша республикалық қоғамдық бірлестік болып, ал қызмет түрі бойынша – ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқару жөніндегі ұйым болып табылады. Қазіргі уақытта Қоғамның Қазақстанның 9 ірі облыстарында филиалдары бар.

2010 жылдың 15 қарашасынан бастап ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқарушы ұйымды аккредитациялау туралы ҚР әділет Министрлігінің санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитеті берген куәлігіне сәйкес «Абырой» Авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық басқарудың келесі салалары бойынша аккредитацияланған ұйым болып табылады:

  • жарияланған музыкалық туындылары (мәтінмен немесе мәтінсіз) және музыкалық-драмалық туындылардың үзінділеріне, олардың халық алдында орындалуына, жалпы көпшіліктің назарына кабель бойынша немесе эфирге беру арқылы хабарлауға, соның ішінде қайталап трансляциялауға қатысты айырықша құқықтарды басқару (2010 жылдың 15 қарашасындағы № 15 куәлік)
  • дыбыс-бейнелік туындыларда пайдаланылған музыкалық туындалардың авторы болып табылатын сазгерлердің осындай дыбыс-бейнелік туындыны халық алдында орындалғаны, жалпы көпшіліктің назарына кабель бойынша немесе эфирге беру арқылы хабарланғаны үшін сыйақы алу құқығын жүзеге асыру (2010 жылдың 15 қарашасындағы № 16 куәлік)
  • фонограммалар мен дыбыс-бейнелік туындыларды өндірушілеріне, орындаушыларға және авторларға туындыларды, фонограммаларды мен дыбыс-бейнелік туындыларды жеке мақсаттарда және пайда табусыз қайта жаңғытқаны үшін тиесілі сыйақы алу құқықтарын жүзеге асыру (2010 жылдың 15 қарашасындағы № 17 куәлік)
  • бейнелеу өнерінің туындыларына қатысты құқығын басқару (2010 жылдың 15 қарашасындағы № 18 куәлік)
  • жарияланған туындыларды (репрографиялық қайта шығару) көшіруге құқықтарды басқару.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 46-1 бабының 2 т. сәйкес ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқарушы, аккредитациялау туралы куәлік алған Ұйым өзі келісім шарт жасасқан құқық иегерлерінің құқықтарын басқарумен қатар, келісім шарт жасаспаған құқық иегерлері үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқығы бар. 2011 жылдың 1 ақпанында «Абырой» Авторлық қоғамы» РҚБ Бірінші музыкалық баспа, Ворнер Чаппел, Сони және т.б. сияқты ірі музыкалық баспалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы өкілімен - «Бірінші Қазақстандық баспа» ЖШС келісім шарт жасасты. Аталған келісім шарттың негізінде «Абырой» Авторлық қоғамы» Қазақстан Республикасының аумағында ресейлік, американдық, ағылшын, неміс және басқа аталған музыкалық баспаларға кіретін шетелдік авторлардың танымал туындыларын (бір миллионға жуық туындылар) пайдаланғаны үшін сыйақы жинау құқықтарын басқараға уәкілетті. Одан бөлек, «Абырой» Авторлық қоғамы» РҚБ Ресейдің, Түркияның, Өзбекістанның авторлық-құқықтық ұйымдарымен келісім шарт жасасқан.

2011 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен санаткерлік меншік туралы заңнаманың қолданылуы, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жөнінідегі ұйымдардың қызметін тексерулер жүргізілуде. 2011 жылдың сәуір-мамырында Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Алматы қ. Бостандық ауданының прокуратурасымен «Абырой» Авторлық қоғамы» РҚБ жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижелері туралы анықтамаға сәйкес «Абырой» Авторлық қоғамы» РҚБ қызметінде авторлардың құқықтары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзушылық жоқ.

Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 65 үй, 208 кеңсе
телефон / факс: +7 (727) 267 00 57, 267 04 95 | факс: +7 (727) 272 05 17 | электрондық пошта: info@abyroy.kz
© 2012 Республикалық қоғамдық бірлестік «Абырой» авторлық қоғамы»