Республикалық қоғамдық бірлестік
«Абырой» авторлық қоғамы»
русский
казахский
«Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қазақстандық шығармашылық зиялылар өкілдерімен, сонымен қатар авторлық құқықтарын қорғау, ұжымдық негізде олардың мүліктік авторлық құқықтарын басқарудың авторлық құқық иегерлерімен құрылған.
Авторларға
Құрметті авторлар және құқық иегерлері! «Абырой» Авторлық қоғамы» РҚБ басты міндеті авторлардың құқықтарын қамтамасыз ету болатын авторлар ұйымы болып табылады.

Біздің Қоғамымыз қызметінің негізгі қағидалары кәсібилік, айқындық, адалдық болып табылады. Біздің ұйымның міндетін біз еліміздегі авторлардың құқықтарын тиісті түрде қорғайтын және авторларға өздерінің біртума туындыларын жасауға және өз туындыларын пайдаланғаны үшін лайықты авторлық сыйақы алуға мүмкіндік беретін авторлық құқық жүйесін құруда деп білеміз. Біз авторларға және құқық иегерлеріне әріптестіктің барынша қолайлы жағдайларын ұсынамыз. Осылайша біздің Қоғамымыздың жиналған авторлық сыйақыдан комиссиялық шегерімдерінің мөлшері осы тектес авторлық қоғамдардың жүзеге асыратын осындай шегерімдерінің мөлшерімен салыстырғанда ең төмен болып табылады.

Біздің Қоғамымыздың білікті командасы Сізге жоғары кәсіби деңгейде санаткерлік меншік сұрақтары бойынша кеңес беруге және Сіздің авторлық құқықтарыңызды қорғауға дайын.

Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 65 үй, 208 кеңсе
телефон / факс: +7 (727) 267 00 57, 267 04 95 | факс: +7 (727) 272 05 17 | электрондық пошта: info@abyroy.kz
© 2012 Республикалық қоғамдық бірлестік «Абырой» авторлық қоғамы»