ҚОҒАМ ТАРИХЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңын қабылдауға дейін Қазақстандағы авторлық-құқықтық қатынастар ҚазКСР Азаматтық кодексінің тиісті тарауымен, азаматтық заңнаманың негіздерімен және көптеген заңнан туындаған актілермен реттелген. Кеңестің авторлық заңнамасы авторлардың туындыларын пайдаланғаны үшін қалам ақы алуға құқық сияқты авторлардың тек бірнеше ғана негізгі құқықтарын қарастырған. Қаламақылар мөлшері мен оларды төлеу тәртібі мемлекетпен орнатылған. Қаламақылар төлеу негізінен жартылай мемлекеттік ұйым – авторлық құқықтар жөніндегі Бүкілодақтық Агенттік (АҚБА) мен оның одақтық республикалардағы филиалдары арқылы жүргізілген. Жалпы ереже бойынша авторлық құқықтардың қорғалу мерзімі автордың бүкіл өмірі және өлгеннен кейінгі 25 жылды құраған. Осылайша, кеңестік кезеңде авторлардың құқықтары толық емес болған.

1996 жылдың 10 маусымында Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңы қабылданды. Жаңа заң Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық шарттардың, соның ішінде Авторлық құқық туралы Женева (Дүниежүзілік) конвенциясының, Әдебиет және көркем әдебиет шығармаларын қорғау туралы Берн конвенциясының, Фонограмма өндірушілердің мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз өндіруден қорғау туралы Женева конвенциясының ережелеріне сәйкес әзірленген. Аталған заң ТМДда авторлық құқық туралы үздік Заң болып танылған.

Жаңа заңмен авторларға құқықтардың кең шеңбері берілген. Осылайша, авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға рұқсат беру немесе бермеу, авторлық қаламақының нақты мөлшері мен есептелу тәртібін анықтау құқығы берілген. Авторлар өкілеттігінің жаңа түрлері, мысалы, эфирге беру құқығы, кабель бойынша хабарлауға құқық және т.б. қарастырылған. Туындыларды пайдалануға құқық, қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларды қоспағанда, тек жазбаша авторлық келісімшарттың негізінде ғана берілетіндігі қарастырылған. Авторлық құқықты қорғау мерзімі автордың өлген немесе ақталған сәтінен бастап 50 жылға ұзартылған. Авторлық құқықтарды қорғаудың жаңа тиімдірек әдістері енгізілген, жекелей алғанда, авторлық құқықтарды бұзғаны үшін 20-дан 50000 дейінгі жалақының ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде өтемақы өндіріп алу. Сондай-ақ авторларға өздерінің құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйымдарды өздері құруына және оның қызметін басқару мүмкіндігі берілген. 10.06.1996 жылғы Авторлық құқық туралы ҚР Заңы авторлардың құқықтарына ұзақ жылдар қысым жасаудан кейін авторлық құқықты әр автордың жеке құқығы деп мойындады.

2004 жылы туындыларды пайдаланудың жаңа түрлерінің пайда болуына (сандық технологиялар, Интернет және т.б.), сондай-ақ Қазақстанның Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының (СМДҰ) Интернет Келісім шарттарына қосылуына байланысты Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Заңда қолданылатын кейбір ұғымдар нақтыланып, бұл актінің нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар жойылған. Сондай-ақ сымдар немесе сымсыз байланыстың құралдарымен хабарлаудың бір түрі ретінде жалпының назарына жеткізіудің жаңа ұғымы енгізілді. Авторлық құқықтарды бұзуды болдырмауға немесе бұзуға кедергі жасауға қажетті ақпараттандыру туралы, басқару туралы және техникалық құралдың ұғымдары берлген. Жаңа бап – 16-1 енгізілген, оған сәйкес Үкімет авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемесін орнатуға құқығы бар. Заңның кері күшін орнататын норма қабылданған. Осы нормаға сәйкес авторлық құқықтың қорғауына осы Заңды қолданысқа енгізгенге дейін 50 жыл бұрын өлген авторлардың туындылары түскен.

2005 жылдың қарашасында бір қатар заңнамалық актілерге санаткерлік меншік сұрақтары бойынша өзгерістер енгізілген. Қылмыстық құқық (184 б.) және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінде (129 б.) авторлық және сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдалану үшін жауаптылық шаралары күшейтілген. Авторлық құқық туралы ҚР Заңына авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мерзімін 50 жылдан 70 жылға дейін ұзартуға қатысты өзгерістер енгізілген.

2009 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының санаткерлік меншік сұрақтары жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған. Аталған Заңмен Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңына оның нормаларын авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық шарттарға, жекелей алғанда авторлық құқық және орындаулар мен фонограммалар бойынша СМДҰ Келісім шарттарына сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізілген. Заңмен Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының ұғымдық аппаратына өзгерістер енгізілген, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйымдарды аккредитациялауды қарастыратын норма енгізіліп, аккредитацияның тәртібі мен шарттары анықталған.

2012 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының санаткерлік меншік мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы қабылданған. Осы Заңды қабылдаудың нәтижесінде пайда болған басты жаңалық болып туындының электрондық сандық форматтағы даналарын және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерімен алмасу, сақтау, көшіруге одан әрі қол жетімді ету үшін интернет-ресурстарын құру, ұйымдастыру жолымен авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарының объектілерін заңсыз пайдалану үшін екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылықты енгізу табылды. Авторлар мен сабақтас құқықтар иегерлерінің мүліктік құқықтарын басқару жөніндегі ұйымдарды аккредитациялауға, сондай-ақ осындай ұйымдарды аккредитациялау туралы куәліктерді қайтарып алуға арналған жаңа негіздер орнатылды.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда авторлық құқық саласындағы халықаралық шарттардың талаптары мен жаңа технологиялардың пайда болуы мен дамуына байланысты заманауи талаптарға жауап беретін авторлық заңнама бар. Соңғы жылдары қабылданған заңнамалық және нормативтік актілер арқасында авторлық құқық саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың құқық қолданушылық жұмысында авторлық құқықта маманданған сот органдарының, құқық қорғау органдарының, авторлар ұйымдарының, тәжірибедегі заңгерлердің, сондай-ақ авторлардың өздері мен басқа да құқық иегерлерінің авторлардың құқықтарын қаматамасыз ету ісінде белгілі жетістіктерге қол жеткізілген. Авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану деңгейі төмендеген. Авторлардың, құқық иегерлерінің, заңгерлердің, халықтың авторлық заңнаманың талаптары жөнінде хабардарлық деңгейі артуда. Мемлекеттік органдардың, қоғамның пайдаланушылардың авторлардың құқықтарын қамтамасыз ету проблемасына қатынасы өзгеруде. Нақты саладағы құқықтық мәдениет өсуде. Бұл, сөзсіз, қуантады. Дегенмен аворлардың құқықтары толық көлемде сақталмайтын салалар әлі де жеткілікті. Сондықтан дамыған шетелдегі авторлардың құқықтарын қорғау деңгейіне жету үшін авторлардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұзақ және қажырлы түрде жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың қазіргі уақыттағы қысқаша даму тарихы осындай.

Алматы қаласы, Казыбек би көшесі, үй. 65, кеңсе 208

ТЕЛЕФОН / ФАКС: +7 (727) 267 00 57, 267 04 95 | ФАКС: +7 (727) 272 05 17 | ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА: INFO@ABYROY.KZ

© 2012-2019   РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК «АБЫРОЙ» АВТОРЛЫҚ ҚОҒАМЫ»