АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚҚА КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында авторлық құқықтан немесе соған байланысты туындайтын қатынастар ҚР Азаматтық құқығының, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының және басқа да нормативтік актілердіңнормаларымен реттеледі. Аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық шарттардың, – Әдебиет және көркем әдебиет шығармаларын қорғау туралы Берн конвенциясының, Авторлық құқық туралы Женева конвенциясының, Сабақтас құқықтар иегерлерінің құқықтарын қорғау туралы Рим конвенциясы және Женева конвенциясының, Авторлық құқық туралы Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының (СМДҰ) шартының, орындаулар мен фонограммалар бойынша СМДҰ шартының талаптарына сәйкес келеді. Авторлық құқық саласындағы нормативтік актілердің негізгі мағынасы, автордың – туындыны жасаған тұлғаның, өз туындысына мүліктік және жеке мүліктік емес авторлық құқықтары болады дегенді білдіреді. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 15 б. сәйкес

Авторға өзінің туындысына қатысты келесі жеке мүліктік емес құқықтар тиесілі, ал нақтылай айтқанда: 
1. туындының авторы болып танылуға және осындай тануды, соның ішінде туындының даналарында және оның кез келген жалпыға жария пайдаланылуында (егер бұл іс жүзінде мүмкін болса) автордың атын тиісті түрде көрсетуді талап етуге құқығы (авторлық құқық); 
2. туындының даналарында және оның кез келген жалпыға жария пайдаланылуында автордың шын атының орнына ойдан шығарылған атын (лақап ат) көрсету және көрсетуді талап ету немесе атын көрсетуден бас тарту құқығы, яғни құпия (атқа құқық); 
3. туындыға, соның ішінде атын қосқанда қол сұғылмаушылық, туындыны кез келген қалыптан тыс өзгерту, бұрмалау немесе басқа да өзгертуге, сондай-ақ автордың беделі немесе ар-намысына залал келтіре алатын кез келген басқа қол сұғушылыққа қарсы тұру (автордың беделін қорғауға құқық); 
4.туындыға қатысты, қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібінде жасалған туындыларды қоспағанда, қол жетімділікті анықталмаған адамдар шеңберіне ашу құқығы (жариялауға құқық)…

Автордың мүліктік құқықтарына қарамастан жеке мүліктік емес құқықтар авторға тиесілі және туындына пайдалануға айырықша құқықты берген жағдайында да өзінде сақталады. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары ажыратылмайтын болып табылады.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 16 б. сәйкес Авторға немесе басқа құқық иегеріне туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік (айырықша) құқық тиесілі.

Автордың туындыны пайдалануға айырықша құқықтары келесі әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат беруді немесе тыйым салуды жүзеге асыруға құқығын білдіреді: 
1. туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы); 
2. туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген тәсiлмен тарату: сату, айырбастау, прокатқа (жалға) беру, өзге де операциялар жасау, соның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде (тарату құқығы); 
3. тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы); 4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы); 
4. туындыны жария орындау (жария орындау құқығы); 
5. туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе тоқсым арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы); 
6. жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы); 
7. жалпы жұрттың назарына арнап тоқсым арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны тоқсым арқылы хабарлау (тоқсым арқылы хабарлау құқығы); 
8. туындыны аудару (аудару құқығы); 
9. туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы); 
10. туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы); 
11.Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 16 б. 5 т. сәйкес Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi.

Осылайша, авторлық құқық объектілерін өз қызметінде пайдаланатын кез келгкен тұлғалар, автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын сақтауы тиіс.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 2 б. 25 т. сәйкес пайдаланушы – бұл авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асырушы немесе ұйымдастырушы кез келген жеке немесе заңды тұлға. Авторлық құқық объектілерінің пайдаланушылары телекомпаниялар, радиокомпаниялар, кабельдік операторлар, театрлар, филармониялар, концертттік бірлестіктер, концертттерді және басқа да жалпыға жария жаралардың ұйымдастырушылары, дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтар, барлар, дискотекалар, ойын-сауық орталықтары, көлік ұйымдары, сауда кәсіпорындары, сұлулық салондары, фитнесс орталықтар, дыбыс жазба студиялары, кинотеатрлар және т.б.

Авторлардың меншіктік құқықтарын сақтау үшін пайдаланушы өзі пайдаланатын туындылардың әр бір авторымен жеке-жеке жазбаша авторлық келісім шарттар немесе авторлардың құқықтарын ұжымдық негізде басқару ұйымдарымен лицензиялық келісім шарттар жасауға және солардың негізінде авторлық сыйақыны сол келісім шарттарда белгіленген мөлшерде және көлемде төлеуі тиіс.

Туындысы пайдаланылып жатқан әрбір автормен кеілісім шарттар жасау, іс жүзінде орындалмайтын шара болып табылады, себебі, пайдаланушылар отандық және шетелдік авторлардың ондаған, жүздеген туындылары пайдаланылады. Сондықтан авторлардың құқықтарын басқару жөніндегі (ұйым болып табылатын Абырой) ұйымдармен келісім шарт жасау және соның негізінде авторлық сыйақы төлеу бүкіл әлемде мойындалған авторлардың құқықтарын және авторлық заңнаманың талаптарын сақтаумен байланысты проблеманы барынша ыңғайлы, шынайы арзан шешу әдісі болып табылады. Авторлардың туындыларын тиісті келісім шартты жасаусыз және авторлық сыйақыны төлеусіз пайдалану авторлардың құқықтарын және авторлық заңнаманың талаптарын бұзушылық болып табылады. Авторлардың құқықтарын бұзушылық үшін азаматтық (Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 49 б.), әкімшілік (ӘҚБтК 129 б.), қылмыстық (ҚР ҚК 184 б.) жауаптылық көзделген.

Авторлық құқықтарды сақтау қажеттілігімен байланысты проблеманы авторлардың құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйыммен келісім шарт жасау жолымен шешу барлық мүдделі тұлғалар үшін қолайлы және тиімді болып табылады: пайдаланушы авторлардың туындыларын заңды негіздерде пайдаланатын болады, авторлар өз туындыларын пайдаланғаны үшін әділ сыйақысын алатын және өздерінің біртума туындыларын жасай беретін болады, ал авторлардың құқықтарын басқару жөніндегі ұйым авторлар және құқық иегерлерінің алдындағы өзінің жарғылық тапсырмалары мен міндеттемелерін тиісті түрде орындайтын болады, ал мемлекет халықаралық конвенциялардағы Қазақстан Республикасының мүшелік етуінен туындайтын өзінің халықаралық міндеттемелерін сәтті орындайтын, авторлар туындыларының заңсыз пайдаланылу («пираттық») деңгейін төмендететін және халықаралық саудада жеңілдіктер алатын болады. Одан бөлек авторлардың құқықтарын лицензиялық келісім шарт жасау және соның негізінде авторлық сыйақыны төлеу жолымен сақтау – бұл отандық және әлемдік мәдениеттің дамуына қосу қайта шығару болып табылады.

 

Алматы қаласы, Казыбек би көшесі, үй. 65, кеңсе 208

ТЕЛЕФОН / ФАКС: +7 (727) 267 00 57, 267 04 95 | ФАКС: +7 (727) 272 05 17 | ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА: INFO@ABYROY.KZ

© 2012-2019   РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК «АБЫРОЙ» АВТОРЛЫҚ ҚОҒАМЫ»