ЗАҢДАР МЕН ТӘЖІРИБЕ

Қазақстан Республикасында авторлық құқықтан немесе соған байланысты туындайтын қатынастар ҚР Азаматтық құқығының, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының және басқа да нормативтік актілердің нормаларымен реттеледі. Аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық шарттардың, – Әдебиет және көркем әдебиет шығармаларын қорғау туралы Берн конвенциясының, Авторлық құқық туралы Женева конвенциясының, Сабақтас құқықтар иегерлерінің құқықтарын қорғау туралы Рим конвенциясы және Женева конвенциясының, Авторлық құқық туралы Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының (СМДҰ) шартының, орындаулар мен фонограммалар бойынша СМДҰ шартының талаптарына сәйкес келеді.

Авторлық құқық саласындағы нормативтік актілердің негізгі мағынасы, автордың – туындыны жасаған тұлғаның, өз туындысына мүліктік және жеке мүліктік емес авторлық құқықтары болады дегенді білдіреді.

Г. АЛМАТЫ, УЛ. КАЗЫБЕК БИ, Д. 65, ОФИС 208

ТЕЛЕФОН: +7 (727) 267 00 57, 267 04 95 | ФАКС: +7 (727) 272 05 17 |  ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: INFO@ABYROY.KZ

2012-2019 РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ «АВТОРСКОЕ ОБЩЕСТВО «АБЫРОЙ»