1 қарашада Атамекен ҰКП алаңында авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін көпшілік алдында пайдалануды көздейтін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін бизнес-қоғамдастықпен семинар-кеңес өтті, онда жұмыс барысында бірқатар шешімдер қабылданды: 1) Атамекен ҰКП алаңында Қазақстан Республикасының рестораторлар клубымен және авторлық қоғамдармен бірлесіп пайдаланушылардың мәселелері мен шағымдарын қарауға уәкілетті комиссия құру, ол үшін меморандумға қол қою ұсынылады.; 2) қазақстандық сауда компаниялары қауымдастығының және электр тұрмыстық, компьютерлік техника мен күрделі техникалық жүйелердің тауар өндірушілерінің авторлық сыйақы төлеудің ең төменгі ставкаларына қатысты мәселесін жеке қарауға бөлінген.