БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

         18 қараша, 2019 жыл, Алматы – Он жылдар бойы авторлардың, құқық иелерінің және қолданушылардың құқығы авторлық қоғамдар мен жекелеген тұлғалар тарапынан бұзылып жатқандығы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл жайында «Абырой» Авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Қазақстан Баспасөз клубындағы арнайы баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

         Авторлардың, құқық иелерінің және қолданушылардың құқығын бұзудың жарқын мысалы ретінде «Абырой» Авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінде орын алған жағдайды келтіруге болады. 2011 жылдан бастап 2018 жылдың 4-тоқсаны аралығында аталмыш қоғамның бұрынғы басшылығы алаяқтық сипаттағы өрескел құқық бұзушылыққа жол берген. Атап айтқанда, қолданушылардың берген бос есептерін қолдана отырып, алғытөлемді төлеу жолымен авторлық сыйақыны төлеуге бағытталған алаяқтық тәсім ендірілген. Ал бұл бос есептер қолданушылардан алдын ала тартып алынған, бастапқы құжаттар бойынша мәліметтер 1С бухгалтерия базасына ендірілмеген, нәтижесінде бұл есеп берушіліктің бүкіл түрлерін бұрмалап тастаған.

         2018 жылдың 12 желтоқсанында Авторлық кеңес және Тексеріс комиссиясы жаңа құрамда жұмысқа кірісіп, осы жұмыс барысында осы құқық бұзушылықтардың бәрін анықтап, оны жойды.

         Қазіргі таңда қолданушылардың пайдаланған композицияларына цифрлік мониторинг жасау тетіктері ендіріліп жатыр, бұл авторлық сыйақыны төлеу кезінде шынайылықты қамтамасыз етіп, қолданушыларға барынша ыңғайлы тәсілді ұсынбақ.

         Заңнама бойынша авторлық құқықты бұзғаны үшін қылмыстық қудалау нормалары қарастырылған, сондай-ақ, мұндай құқық бұзушылықтар үшін азаматтық жауапкершілікке тартылады. Алайда жоғарыда аталған құқықтарды іске асыру баяу әрі тиімсіз жүріп жатыр. Осыған орай «Абырой» Республикалық қоғамдық бірлестігі авторлық құқық субъектілерінің барлығының хабардарлық деңгейін көтеруге, олардың құқығы жайлы ағартуға бағдар алып отыр. Өйткені дұрыс ақпарат болған кезде ғана, істі жөнге салуға болады.

Баспасөз мәжілісінің спикерлері, авторлар мен қолданушылар әлі, өкінішке орай, ақпараттық абдырауда тұр, осыған орай болып жатқан оқиғалар жайлы мүдделі тұлғаларды хабардар ету үшін аталмыш баспасөз мәжілісі ұйымдастырылды.