18-ші маусымнан бастап Авторлық Кеңестегі 11 орынға және Тексеру комиссиясындағы бір орынға сайлау науқаны басталады.

Абырой қоғамының кез-келген мүшесі өзінің кандидатурасын ұсынуға құқылы. Біз оларды  9-шы шілдеден басталатын жалпы дауыс беру арқылы сайлаймыз.

Қандай құжаттарды тапсыру қажет?

Сізге өтініш формасын және қысқаша өмірбаяныңызды (сайтта нұсқасы бар) толтырып, фотосуретіңіз бен жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды да қоса тіркеу керек.

Сонымен қатар, сіздің қалауыңызша өзіңіз туралы кез-келген ақпаратты (постерлер, мақалалар, бейнероликтер және т.б.) қоса аласыз. Құжаттардың толық пакетін мына электрондық поштаға жіберу керек: info_abyroi@mail.ru, байланыс телефондары: 8-705-130-62-48

Авторлық Кеңестің мүшелері кімдер?

11 адамнан тұратын Авторлық Кеңестің мүшелерін Жалпы Жиналыс арқылы қоғам мүшелерінің арасынан  1 жыл мерзімге сайланады. Сонымен қатар Авторлық Кеңес өз уәкілдігін 1 жылға ұзартуға құқылы (бірақ қатарынан 2  мерзімнен аспауы қажет). 

Авторлық Кеңес:

  1. келесі Жалпы Жиналыстың өткізу тәртібі мен уақытын белгілейді; Авторлық Кеңестің Төрағасын сайлайды;
  2. авторлық сыйақыдан белгіленген қорларға бөлінетін аударымдардың мөлшерін бекітеді;
  3. өз қызметінің ішкі жұмыс тәртібін бекітеді; жиналған авторлық сыйақыны бөлу және төлеу тәртібін бекітеді;
  4. ғылым, әдебиет және өнер туындыларын сақтау үшін төлем мөлшерін белгілейді; Қауымдастық  өзінің жарғылық функцияларын орындау кезіндегі шығыстарды жабу үшін жиналған және  (немесе) алынған сыйақы сомасынан комиссиялық аударымдардың мөлшерін белгілейді;
  5. Қауымдастық өз филиалдарын құруға байланысты мәселелерді қарайды және олар туралы ережені бекітеді; қауымдастықтың өткен жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті бекітеді;                                                                                                                                 Қауымдастықтың арнайы қорларын құрады және олар туралы ережені бекітеді;   
  6. авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мамандар кіретін Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттары бойынша кеңес беру комиссияларын құрады; Авторлық Кеңес Төрағасының және /немесе Тексеру комиссиясының бастамасы бойынша Жалпы Жиналыстың ерекше құзыретіне кіретін мәселелерден басқа сұрақтарды қарайды және шешеді; 
  7. Қауымдастықтың бір жылға арналған бюджетін бекітеді және оған өзгертулер енгізеді, қажет болған жағдайда басқа мерзімге арналған бюджетті бекітеді;
  8. қауымдастық қызметіне байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Авторлық Кеңес мүшелері қажет болған жағдайда бас қосады, бірақ Авторлық Кеңес Төрағасының, Дирекцияның немесе Қауымдастықтың он мүшесінің бастамасымен айына кемінде 1 рет жиналады.

Авторлық Кеңестің отырысы, егер оған Авторлық Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 -3 қатысса ғана, заңды деп есептелінеді. Кез келген шешім көпшілік дауыс беру арқылы қабылданады.

Авторлық Кеңес қауымдастытағы қызметіне байланысты сыйақы алуға және шығындарын өтеуге  құқылы.

Авторлық Кеңес Төрағасы:

  1. Қауымдастық қызметіне жалпы басшылық етеді; Авторлық Кеңестің бекіткен жалпы смета шегінде Қауымдастық дирекцияның құрылымын және штат санын бекітеді;                                                                                                                 бюджетте қарастырылған сыйақы қаражаты шегінде Қауымдастық қызметкерлерінің барлық санаттарына директордың және оның орынбасарларының, бас есепшінің еңбекақы төлеу шарттарын, көтерме сыйақы, сыйлықақы және басқа да сыйақы мөлшерлерін бекітеді;
  2. Қауымдастықтың штат кестесін және Қауымдастықтық қызметкерлерінің жалақы қорын бекітеді;
  3. Авторлық Кеңестің отырыстарында төрағалық етеді және оның жұмысын қадағалайды;
  4. мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, шетелдік ұйымдармен қарым-қатынаста Қауымдастық атынан өкілдік етеді;     Қауымдастық аппаратының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы мақсатта бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулықтар әзірлейді;                                                                                                             Қауымдастықтың директоры мен бас есепшісін жалдау немесе оларды жұмыстан босатуды жүзеге асырады, тәртіптік жаза қолданады немесе Қауымдастық қызметкерлерін марапаттайды;                                                                                           қаржылық-шаруашылық мәселелерін қарайды, шешімдердің орындалуын қадағалайды;
  5. Қауымдастықтың құрылымдық бөлімшелерінің есептері мен баяндамаларын тыңдайды;
  6. Авторлық Кеңес Төрағасының орынбасарлары мен жауапты хатшыны Авторлық Кеңес мүшелері мен осы саладағы мамандар арасынан тағайындайды;  Авторлық Кеңес Төрағасы өз функцияларын толық немесе ішінара өз орынбасарына беруге құқылы;
  7. Авторлық Кеңес Төрағасы сыйақы алуға және қауымдастықтықты басқарумен байланысты шығындарды өтеуге құқылы;
  8. Авторлық Кеңес Төрағасы Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.

Тексеру комиссиясы деген не?

Осы Жарғының ұстанымдарын тексеру, Қауымдастықтың қаржылық-шаруашылық қызметтерін және оның мүлкі мен есебін тексеру үшін Жалпы жиналыс Авторлық Кеңеске кірмеген үш адамнан тұратын Тексеру комиссиясын 2 жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.

Тексеру комиссиясының қызметі авторлардың Жалпы жиналысымен бекітілген Тексеру комиссиясы туралы ережемен реттеледі.

Тексеру комиссиясының мүшелері Қауымдастықтың авторлары да, Қауымдастықпен байланысы жоқ адамдар да бола алады.

Тексеру комиссиясы олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін Қауымдастықтың қызметкерлерін де, сыртқы сарапшыларды да тартуға құқылы.

Тексеру комиссиясы Жалпы жиналысқа ғана өзінің қызметі туралы есеп береді.

Тексеру комиссиясы сыйақы алуға және қауымдастықтағы қызметіне байланысты шығындарды өтеуге құқылы.

Іске сәт!!!