Республикалық қоғамдық бірлестік
«Абырой» авторлық қоғамы»
русский
казахский
«Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қазақстандық шығармашылық зиялылар өкілдерімен, сонымен қатар авторлық құқықтарын қорғау, ұжымдық негізде олардың мүліктік авторлық құқықтарын басқарудың авторлық құқық иегерлерімен құрылған.
Пайдаланушыларға
Құрметті пайдаланушылар!

Өз қызметінде авторлық құқықтың объектілерін пайдаланушы кез келген тұлғалар авторлардың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын сақтауға міндетті.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 2 б. 25 т. сәйкес пайдаланушы – бұл авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асырушы немесе ұйымдастырушы кез келген жеке немесе заңды тұлға. Авторлық құқық объектілерінің пайдаланушылары телекомпаниялар, радиокомпаниялар, кабельдік операторлар, театрлар, филармониялар, концертттік бірлестіктер, концертттерді және басқа да жалпыға жария жаралардың ұйымдастырушылары, дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтар, барлар, дискотекалар, ойын-сауық орталықтары, көлік ұйымдары, сауда кәсіпорындары, сұлулық салондары, фитнесс орталықтар, дыбыс жазба студиялары, кинотеатрлар және т.б.

Авторлардың меншіктік құқықтарын сақтау үшін пайдаланушы өзі пайдаланатын туындылардың әр бір авторымен жеке-жеке жазбаша авторлық келісім шарттар немесе авторлардың құқықтарын ұжымдық негізде басқару ұйымдарымен лицензиялық келісім шарттар жасауға және солардың негізінде авторлық сыйақыны сол келісім шарттарда белгіленген мөлшерде және көлемде төлеуі тиіс.

Туындысы пайдаланылып жатқан әрбір автормен кеілісім шарттар жасау, іс жүзінде орындалмайтын шара болып табылады, себебі, пайдаланушылар отандық және шетелдік авторлардың ондаған, жүздеген туындылары пайдаланады. Сондықтан авторлардың құқықтарын басқару жөніндегі (ұйым болып табылатын Абырой) ұйымдармен келісім шарт жасау және соның негізінде авторлық сыйақы төлеу бүкіл әлемде мойындалған авторлардың құқықтарын және авторлық заңнаманың талаптарын сақтаумен байланысты проблеманы барынша ыңғайлы, шынайы арзан шешу әдісі болып табылады.

Авторлардың туындыларын тиісті келісім шартты жасаусыз және авторлық сыйақыны төлеусіз пайдалану авторлардың құқықтарын және авторлық заңнаманың талаптарын бұзушылық болып табылады. Авторлардың құқықтарын бұзушылық үшін азаматтық (Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 49 б.), әкімшілік (ӘҚБтК 129 б.), қылмыстық (ҚР ҚК 184 б.) жауаптылық көзделген.

Авторлық құқықтарды сақтау қажеттілігімен байланысты проблеманы авторлардың құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйыммен келісім шарт жасау жолымен шешу барлық мүдделі тұлғалар үшін қолайлы және тиімді болып табылады: пайдаланушы авторлардың туындыларын заңды негіздерде пайдаланатын болады, авторлар өз туындыларын пайдаланғаны үшін әділ сыйақысын алатын және өздерінің біртума туындыларын жасай беретін болады, ал авторлардың құқықтарын басқару жөніндегі ұйым авторлар және құқық иегерлерінің алдындағы өзінің жарғылық тапсырмалары мен міндеттемелерін тиісті түрде орындайтын болады, ал мемлекет халықаралық конвенциялардағы Қазақстан Республикасының мүшелік етуінен туындайтын өзінің халықаралық міндеттемелерін сәтті орындайтын, авторлар туындыларының заңсыз пайдаланылу («пираттық») деңгейін төмендететін және халықаралық саудада жеңілдіктер алатын болады.

Одан бөлек авторлардың құқықтарын лицензиялық келісім шарт жасау және соның негізінде авторлық сыйақыны төлеу жолымен сақтау – бұл отандық және әлемдік мәдениеттің дамуына үлес қосу болып табылады.

Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 65 үй, 208 кеңсе
телефон / факс: +7 (727) 267 00 57, 267 04 95 | факс: +7 (727) 272 05 17 | электрондық пошта: info@abyroy.kz
© 2012 Республикалық қоғамдық бірлестік «Абырой» авторлық қоғамы»