• Русский
  • Қазақ тілі
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК

Аккредиттеу туралы куәлік

«Абырой» Авторлық Қоғамы» ресми сайтының функционалы жайлы қысқа түсініктеме

Құқық иелерінің республикалық конференциясы

2022 жылдың 15 маусымында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының алаңында отандық құқық иелерінің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын жан-жақты талқылау мақсатында,
Құқық Иеленушілердің Республикалық Конференциясы өтті.

Бұл шараны ұйымдастырушылар «Абырой» авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Еуразиялық құқық иеленушілер одағы» аймақтық қоғамдық бірлестігі.

Іс-шараға мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының, Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері, сондай-ақ авторлар, сазгерлер, фотографтар, журналистер, баспагерлер, интернет-қауымдастықтар, сауда белгілерінің иелері, бизнес өкілдері және зияткерлік меншік саласындағы сарапшылар қатысты.

Конференцияда авторлық құқық, шығармашылық индустрия, репродукциялық және музыкалық шығармаларды пайдалану саласындағы мәселелер талқыланды.

Өз сөзінде зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Алтынбеков Е.М. авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамадағы жаңалықтар жайлы айтты.

Инстаграм парақшасына сілтеме.

Бізге сенім артады

Барлық әлемдік және отандық музыка өндірушілер мен мыңдаған кәсіпкерлер бізбен әріптестік орнатқан. Үздіктерге қосылыңыз!

Біз туралы толығырақ

«Абырой» Авторлық Қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігін 2010 жылғы 3 ақпанда қазақстандық шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен авторлық құқық иелері өздерінің мүліктік авторлық құқығын ұжымдық негізде басқару, сондай-ақ, авторлық құқығын қорғау мақсатында құрды.

Қоғам Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» және басқа заңнамалық актілердің нормаларына сәйкес құрылды.

Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша Қоғам - республикалық қоғамдық бірлестік, ал қызмет аясы бойынша - мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйым. Қазіргі уақытта Қоғамның Қазақстанның 9 ірі облысында филиалдары бар.

Әрі қарай оқу

Кеңес алу

Неге БІЗ?

Жұмыстың ұзақ мерзімі
«Абырой» Авторлық Қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2010 жылы 3 ақпанда құрылған.
Заңды музыка
Біз қазақстандық және әлемдік музыканың толық репертуарына заңды және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз етеміз
Тегін кеңестер
Біз өз қызметтеріміз бойынша ақысыз кеңестер және ең жаңа мәліметтерді ұсынамыз.
Бізге сенім артады
Барлық әлемдік және отандық музыка өндірушілер мен мыңдаған кәсіпкерлер бізбен әріптестік орнатқан.
Біз музыканы бизнесте қолданумен байланысты шағым, талап және айыппұлдардан толық қорғауға кепілдік береміз.

Біздің жаңалықтар Біздің жаңалықтар

Next Previous Біздің тұтынушылардың пікірі

Біздің серіктестер

Біз бірге жұмыс істейтін компаниялар