• Русский
  • Қазақ тілі
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК

«АБЫРОЙ» АВТОРЛЫҚ ҚОҒАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Жарғысының 6.7. тармағына сәйкес, Авторлық Кеңес 2026 жылдың 5 - 18 тамыз аралығында Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Жиналысты өткізу нысаны  – қашықтықтан (онлайн).

Өтетін орны - «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ abyroy.kz  ресми сайты және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттары.

Жиналыстың басталуы: 2026 жылдың   5 тамыз, сағат 12:00.

Жиналыстың аяқталуы: 2026 жылдың 18 тамыз, сағат 18.00.

Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарында жарияланады.

Жалпы жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан (онлайн) өтеді. Сайлаушы abyroy.kz сайтындағы жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырып (оның ішінде электронды толтыру әдістері) және оны abyroi_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына немесе толтырылған бюллетеньнің скриншотын WhatsApp дауыс беру чаттарына жібереді.

Дауыс беру құқығы бар «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ сайлаушысы болып 2025 жылдың 5 тамыз жағдайы бойынша қазіргі мүшесі деп танылады.

Сайлаушыларды тіркеу abyroy.kz сайтындағы Жеке кабинетінде тіркелу немесе «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарда болуы жиналыстың басталу сәтінде негізінде есепке алынады.

 

  ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қоғам Жарғысына өзгерістер енгізу:

           а) Авторлық Кеңестің мүшелерінің санын 5 - ке дейін азайту

           б) Ревизор өкілеттік мерзімін 5 жылға дейін ұзарту

  1. Авторлық Кеңесін сайлау
  2. Авторларды электрондық цифрлық платформада (EЦП) тіркеу: иә немесе жоқ
  3. ЭЦП өз шығындарына 15 % ұстап қалу: иә немесе жоқ
  4. Әртүрлі

 

 

ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ:

«Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ-нің Жарғысының 4.6 тармағына сәйкес, Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысына қатысуға құқығы бар тұлғаларға, «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ Жалпы Жиналысын өткізуге дайындалу үшін, 2025 жылдың 5 – 10 тамыз  аралығында келесі ұсыныстарды енгізуге мүмкіндігі беріледі:

 

  • Авторлық Кеңеске мүшелікке өтініш беру.
  • Жалпы Жиналыстың Күн тәртібіндегі кез келген мәселелері бойынша ұсыныстарды жолдау.
  • «Әртүрлі» бөлімінде сұрақтар мен ұсыныстарды жолдау.

 

 

Жоғарыда аталған ақпарат, «Абырой» Авторлық Қоғамының» мүшелеріне abyroy.kz ресми сайтында жарияланады және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарына жіберіледі.

Жалпы Жиналыстың тиімділігін арттыру және уақытты үнемдеу үшін, ұсыныстарыңыз мен пікірлеріңізді электронды форматта Қоғамның abyroi_kyzmet@mail.ru ресми электрондық поштасына және Қоғамның +7 747 900 21 43 ресми WhatsApp нөміріне жіберуіңізді өтінеміз.

 

«Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ - нің дирекциясы.

ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫҢ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

  1. Қоғам басшылығының атқарылған жұмысы туралы есебі.
  2. Қоғам Жарғысына өзгерістер енгізу бойынша дауыс беру.
  3. Авторлық Кеңеске үміткерлер бойынша дауыс беру
  4. Авторларды ЭЦП-де тіркеу және ЭЦП өз шығындарына 15 % ұстап қалу мәселелері бойынша дауыс беру.

 

ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

 1.

2026 жылдың 5 – 10 тамыз:

Авторлық Кеңеске мүшелікке өтініштерді қабылдау.

Жалпы Жиналыстың Күн тәртібінің кез келген мәселелері бойынша ұсыныстар жолдау.

«Әртүрлі» бөлімге сұрақтар мен ұсыныстарды жолдау.

2.

2026 жылдың 11 – 15 тамыз:

Дауыс беру кезеңі.

3.

2026 жылдың 16 – 18 тамыз:

Дауыстарды санау және жиналыстың қорытындысын жариялау.

 

Жалпы Жиналысты өткізу нысаны – қашықтықтан (онлайн).

Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында және WhatsApp дауыс беруге арналған чаттарда орналастырылады.

Жалпы Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан (онлайн) өткізіледі.

Сайлаушы abyroy.kz сайтындағы Жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырып (оның ішінде электронды толтыру әдістерімен) және abyroi_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына жібереді немесе толтырылған бюллетеньнің скриншотын дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарына жібереді.

Аккредиттеу туралы куәлік

«Абырой» Авторлық Қоғамы» ресми сайтының функционалы жайлы қысқа түсініктеме

Бізге сенім артады

Барлық әлемдік және отандық музыка өндірушілер мен мыңдаған кәсіпкерлер бізбен әріптестік орнатқан. Үздіктерге қосылыңыз!

Біз туралы толығырақ

«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін 2010 жылғы 3 ақпанда қазақстандық шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен авторлық құқық иелері өздерінің мүліктік авторлық құқығын ұжымдық негізде басқару, сондай-ақ, авторлық құқығын қорғау мақсатында құрды.

Қоғам Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» және басқа заңнамалық актілердің нормаларына сәйкес құрылды.

Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша Қоғам - республикалық қоғамдық бірлестік, ал қызмет аясы бойынша - мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйым. Қазіргі уақытта Қоғамның Қазақстанның 9 ірі облысында филиалдары бар.

Әрі қарай оқу

Кеңес алу

Неге БІЗ?

Жұмыстың ұзақ мерзімі
«Абырой» Авторлық Қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2010 жылы 3 ақпанда құрылған.
Заңды музыка
Біз қазақстандық және әлемдік музыканың толық репертуарына заңды және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз етеміз
Тегін кеңестер
Біз өз қызметтеріміз бойынша ақысыз кеңестер және ең жаңа мәліметтерді ұсынамыз.
Бізге сенім артады
Барлық әлемдік және отандық музыка өндірушілер мен мыңдаған кәсіпкерлер бізбен әріптестік орнатқан.
Біз музыканы бизнесте қолданумен байланысты шағым, талап және айыппұлдардан толық қорғауға кепілдік береміз.

Біздің жаңалықтар Біздің жаңалықтар

Next Previous Біздің тұтынушылардың пікірі

Біздің серіктестер

Біз бірге жұмыс істейтін компаниялар