Құрметті Авторлар!

«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі 2021 жылғы 15-28 ақпан аралығында өзінің кезекті Жалпы Жиналысын сырттай форматта өткізді.

Қоғамның 427 мүшесінің ішінде Жалпы Жиналысқа 263 адам қатысты, бұл 61,6% - ды құрады.

Кворум бар.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамның Тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды:

Гаврилиди Василий Николаевич -Төраға.

Арғынғали Талант Талғатұлы.

Қарбаев Қойшыбек Балағалиұлы.

 

«Абырой» Авторлық Қоғамының Жарғысына өзгерістер еңгізілді.

 

Негізгі түзетулер:

- Қолданыстағы Авторлық Кеңестің өкілеттік мерзімін 5 жылға дейін ұзарту.

- Авторлық Кеңес мүшелерінің санын 7 адамға дейін азайту.

- Қазақстан Республикасының «Қоғамдық Бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ - нің мүшелерінің Міндеттері жазылған.

- Қоғам Директоры болып Бірлестіктің мүшесі  ғана сайлана алады

- Тексеру комиссиясының мүшесі болып Бірлестіктің мүшесі ғана сайлана алады.

 

Бекітілді:

  1. 2021 жылы ұжымдық басқару саласындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органда Қоғамға аккредитация беруге өтінім беру.
  2. Аймақтардағы филиалдардың заңды мекен-жайларын өзгерту.

Бұл процедуралар Жалпы Жиналыстың шешімі арқылы ғана жасалады.