Авторлық құқық иелерінің республикалық конференциясы
2022 жылдың 15 маусымында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының алаңында отандық құқық иелерінің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын жан-жақты талқылау мақсатында, Құқық Иеленушілердің Республикалық Конференциясы өтті. Бұл шараны ұйымдастырушылар «Абырой» авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Еуразиялық құқық иеленушілер одағы» аймақтық қоғамдық бірлестігі. Іс-шараға мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының, Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері, сондай-ақ авторлар, сазгерлер, фотографтар, журналистер, баспагерлер, интернет-қауымдастықтар, сауда белгілерінің иелері, бизнес өкілдері және зияткерлік меншік саласындағы сарапшылар қатысты. Конференцияда авторлық құқық, шығармашылық индустрия, репродукциялық және музыкалық шығармаларды пайдалану саласындағы мәселелер талқыланды. Өз сөзінде зияткерлік...
Ары қарай оқу