2022 жылдың 15 маусымында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының алаңында отандық құқық иелерінің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын жан-жақты талқылау мақсатында,
Құқық Иеленушілердің Республикалық Конференциясы өтті.
Бұл шараны ұйымдастырушылар «Абырой» авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Еуразиялық құқық иеленушілер одағы» аймақтық қоғамдық бірлестігі.
Іс-шараға мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының, Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері, сондай-ақ авторлар, сазгерлер, фотографтар, журналистер, баспагерлер, интернет-қауымдастықтар, сауда белгілерінің иелері, бизнес өкілдері және зияткерлік меншік саласындағы сарапшылар қатысты.
Конференцияда авторлық құқық, шығармашылық индустрия, репродукциялық және музыкалық шығармаларды пайдалану саласындағы мәселелер талқыланды.
Өз сөзінде зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Алтынбеков Е.М. авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамадағы жаңалықтар жайлы айтты.