«Абырой Авторлар Қоғамы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Авторлар Кеңесі 2022 жылдың 05-10 қыркүйегі аралығында Қоғам мүшелерінің Жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Жалпы жиналысты өткізу нысаны - қашықтан.

Өткізілетін орны – Қоғамның abyroy.kz ресми сайты және «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ - нің WhatsApp топтары.

Жиналыстын басталуы:

2022 ж. 05 қыркүйек, сағ 12.00 - де

Жиналыстын аяқталуы:

2022 ж. 10 қыркүйек, сағ 18.00 - де

Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында орналастырылып, Қоғам мүшелеріне abyroy.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, олардың пошталық мекенжайлары мен электрондық пошталарына және WhatsApp арқылы жіберіледі.

Жалпы жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан өтеді.

Сайлаушы abyroy.kz ресми сайтындағы жеке кабинеттегі «Дауыс беру бөлмесінде» бюллетеньді толтырып, ұйымдастыру комитетіне электронды пошта арқылы және қызметтік WhatsApp желісіне жіберу арқылы дауыс береді.

Сондай - ақ, 8-705-130-62-48 нөміріне немесе WhatsApp қызметтік чатына бюллетеньдін скриншотын жібереді.

Дауыс беру құқығы бар «Абырой авторлар Қоғамы» РҚБ сайлаушысы «Абырой» Авторлар Қоғамы» РҚБ-мен abyroy.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, жеке электрондық пошта немесе WhatsApp арқылы тікелей байланыста болатын, Жалпы жиналыстың сайлау тізіміне енгізілген Қоғамның мүшесі болып танылады..

Жиналысқа қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізімі «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ мүшелерінің тізімінің 2022 жылғы 05 қыркүйектегі сағат 12:00-дегі деректері негізінде құрастырылды.

Сайлаушыларды тіркеу abyroy.kz сайтындағы жеке кабинетте авторизация өтіп немесе «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ WhatsApp топтарында болуы 2022 ж. 05.09 12:00 жағдай бойынша саналады

ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫҢ ТӘРТІБІ:

  1. «Абырой авторлар Қоғамы» РҚБ-ның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік аккредиттеуден өтуіне өтінім беру туралы.
  2. Қоғамның Авторлар Кеңесінің бір мүшесін қосымша сайлау.
  3. Қоғамның Тексеру комиссиясының бір мүшесін қосымша сайлау.
  4. Әртүрлі

«Абырой» Авторлар Қоғамы» РҚБ - нің кез келген мүшесі Қоғамның сайланбалы органдарына сайлануға құқылы.

АҚПАРАТТЫ ОҚУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫС БЕРУ ТӘРТІБІ:

«Абырой» Авторлар Қоғамы» РҚБ Жарғысына сәйкес Қоғам мүшелерінің Жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар тұлғалар «Абырой» Авторлар Қоғамы» РҚБ Жалпы жиналысын дайындау үшін 05-10 аралығында 2022 жылдың қыркүйегінде танысуға және ұсыныстар жасауға мүмкіндік беріледі:

  • Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстардың жобалары;
  • Қоғамның Авторлар Кеңесі мен Тексеру комиссиясының қайта сайлауына кандидаттар туралы ақпарат;
  • Қоғамның Авторлар Кеңесі мен Тексеру комиссиясына қайта сайлануға ұсынылған кандидаттардың жазбаша келісімі туралы ақпарат.

Жоғарыда аталған мәліметтердің барлығы abyroy.kz сайтында орналастырылады, Қоғам мүшелеріне abyroy.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы, автордың электронды поштасына немесе WhatsApp арқылы «Абырой» РҚБ мүшелеріне жіберіледі.

Жалпы жиналыста тиімді жұмыс істеу және уақытты үнемдеу үшін өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді электронды форматта ұйымдастыру комитетінің abyroi2021@mail.ru ресми поштасына және 8-705-130-62-48 (WhatsApp) нөміріне жолдауларыңызды сұраймыз.

«Абырой» Авторлар Қоғамының Төрағасы:

Марс Сүленов