«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Жарғысының 6.7. тармағына сәйкес, Авторлық Кеңес 2021 жылдың 11 қараша  мен 25 қараша аралығында, Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысын шақыру туралы хабарлайды.Жиналысты өткізу нысаны  – қашықтықтан (онлайн).

Өтетін орны - «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ abyroy.kz  ресми сайты және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттары.

Жиналыстың басталуы: 2023 жылдың 11 қарашасы, сағат 12:00.

Жиналыстыңаяқталуы:  2023 жылдың 25 қарашасы, сағат 18.00.

Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарында жарияланады.

Жалпы жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан (онлайн) өтеді. Сайлаушы abyroy.kz сайтындағы жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырып (оның ішінде электронды толтыру әдістері) және оны abyroi_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына немесе толтырылған бюллетеньнің скриншотын WhatsApp дауыс беру чаттарына жібереді.

Дауыс беру құқығы бар «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ сайлаушысы болып Қоғамның Жалпы Жиналысының сайлау тізіміне енгізілген 2023 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша қазіргі мүшесі танылады.

Сайлаушыларды тіркеу abyroy.kz сайтындағы Жеке кабинетінде тіркелу немесе «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарда болуы жиналыстың басталу сәтінде негізінде есепке алынады.

 

  ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

  1. 1. Жарғыға өзгерістер енгізу.
  2. Авторлық Кеңесінің бір мүшесін қосымша сайлау.
  3. Ревизиялық комиссиясының өкілеттігін тоқтату.
  4. Ревизорды сайлау.
  5. Авторлық сыйақы ставкаларын өзгерту.
  6. Сабақтас сыйақы ставкаларын қабылдау.
  7. Филиалдар туралы Ережеге өзгерістер енгізу.
  8. Қоғамның құрылтайшыларының құрамын өзгерту.
  9.   Әртүрлі.

 

«Абырой» Авторлық Қоғамы» Бірлестігінің кез келген мүшесі Қоғамның сайланбалы органдарына сайлануға құқылы.

 

ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ:

«Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ Авторлық Кеңесінің 2023 жылғы 10 қазандағы шешіміне сәйкес, Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысына қатысуға құқығы бар тұлғаларға, «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ Жалпы Жиналысын өткізуге дайындалу үшін, 2023 жылдың 11 - 15 қараша аралығында келесі ұсыныстарды енгізуге мүмкіндігі беріледі:

  • Авторлық Кеңесіне кандидатураны ұсыну;
  • Ревизор лауазымына кандидатураны ұсыну;
  • Жарғыға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды жолдау;
  • «Әртүрлі» бөлімінде сұрақтар мен ұсыныстарды жолдау;
  • Жалпы Жиналыстың күн тәртібіндегі кез келген мәселелері бойынша ұсыныстарды жолдау.

Жоғарыда аталған ақпарат, «Абырой» Авторлық Қоғамының» мүшелеріне abyroy.kz ресми сайтында жарияланады және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарына жіберіледі.

Жалпы Жиналыстың тиімділігін арттыру және уақытты үнемдеу үшін, ұсыныстарыңыз мен пікірлеріңізді электронды форматта Қоғамның abyroi_kyzmet@mail.ru ресми электрондық поштасына және Қоғамның +7 747 900 21 43 ресми WhatsApp нөміріне жіберуіңізді өтінеміз.

 

«Абырой» Авторлық Қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің Жалпы Жиналысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті.