«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Жарғысының 6.7. тармағына сәйкес, Авторлық Кеңес 2021 жылдың 11 қараша  мен 25 қараша аралығында, Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

 

ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Жарғыға өзгерістер енгізу.
  2. Авторлық Кеңесінің бір мүшесін қосымша сайлау.
  3. Ревизиялық комиссиясының өкілеттігін тоқтату.
  4. Ревизорды сайлау.
  5. Авторлық сыйақы ставкаларын өзгерту.
  6. Сабақтас сыйақы ставкаларын қабылдау.
  7. Филиалдар туралы Ережеге өзгерістер енгізу.
  8. Қоғамның құрылтайшыларының құрамын өзгерту.
  9.   Әртүрлі.

 

ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

 

1.

2023 жылдың 11 15 қарашасы:

Авторлық Кеңеске кандидаттарды тіркеу.

Ревизор лауазымына кандидаттарды тіркеу.

Жарғыға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды жолдау.

«Әр түрлі» бөліміне сұрақтар мен ұсыныстарды жолдау;

Жалпы Жиналыстың Күн тәртібінің кез келген мәселелері бойынша ұсыныстар жолдау.

 

2.

2023 жылдың 16 – 22 қарашасы:

Үгіт - насихат кезеңі және дауыс беру.

 

3.

2023 жылдың 23 – 25 қарашасы:

Дауыстарды санау және жиналыстың қорытындысын жариялау.

 

Жалпы Жиналысты өткізу нысаны – қашықтықтан (онлайн).

Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында және WhatsApp дауыс беруге арналған чаттарда орналастырылады.

Жалпы Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан (онлайн) өткізіледі.

Сайлаушы abyroy.kz сайтындағы жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырып (оның ішінде электронды толтыру әдістерімен) және abyroi_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына жібереді немесе толтырылған бюллетеньнің скриншотын дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарына жібереді.