«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Жарғысының 6.7. тармағына сәйкес, Авторлық Кеңес 2024 жылдың 7 - 21 желтоқсан аралығында Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Жиналысты өткізу нысаны  – қашықтықтан (онлайн).

Өтетін орны - «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ abyroy.kz  ресми сайты және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттары.

Жиналыстың басталуы: 2024 жылдың 7 желтоқсаны,   сағат 12:00.

Жиналыстыңаяқталуы:  2024 жылдың 21 желтоқсаны, сағат 18.00.

Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарында жарияланады.

Жалпы жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан (онлайн) өтеді. Сайлаушы abyroy.kz сайтындағы жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырып (оның ішінде электронды толтыру әдістері) және оны abyroi_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына немесе толтырылған бюллетеньнің скриншотын WhatsApp дауыс беру чаттарына жібереді.

Дауыс беру құқығы бар «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ сайлаушысы болып Қоғамның Жалпы Жиналысының сайлау тізіміне енгізілген 2024 жылдың 7 желтоқсаны жағдайы бойынша қазіргі мүшесі деп танылады.

Сайлаушыларды тіркеу abyroy.kz сайтындағы Жеке кабинетінде тіркелу немесе «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарда болуы жиналыстың басталу сәтінде негізінде есепке алынады.

 

  ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қоғам басшылығының атқарылған жұмысы туралы есебі.
  2. Қоғам мүшелерінің назарына «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар  туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысты жағдайды жеткізу.
  3. Қоғамның құрылтайшыларының құрамын өзгерту.
  4. Әртүрлі.

 

 

ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ:

«Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ-нің Жарғысының 4.6 тармағына сәйкес, Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысына қатысуға құқығы бар тұлғаларға, «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ Жалпы Жиналысын өткізуге дайындалу үшін, 2024 жылдың 7 – 11 желтоқсан  аралығында келесі ұсыныстарды енгізуге мүмкіндігі беріледі:

 

  • «Әртүрлі» бөлімінде сұрақтар мен ұсыныстарды жолдау;
  • Жалпы Жиналыстың күн тәртібіндегі кез келген мәселелері бойынша ұсыныстарды жолдау.

 

Жоғарыда аталған ақпарат, «Абырой» Авторлық Қоғамының» мүшелеріне abyroy.kz ресми сайтында жарияланады және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарына жіберіледі.

Жалпы Жиналыстың тиімділігін арттыру және уақытты үнемдеу үшін, ұсыныстарыңыз мен пікірлеріңізді электронды форматта Қоғамның abyroi_kyzmet@mail.ru ресми электрондық поштасына және Қоғамның +7 747 900 21 43 ресми WhatsApp нөміріне жіберуіңізді өтінеміз.

 

«Абырой» Авторлық Қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің Жалпы Жиналысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті.