- Қоғам басшылығының атқарылған жұмысы туралы есебі.
- Қоғам мүшелерінің назарына «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысты жағдайды жеткізу.
- Қоғамның құрылтайшыларының құрамын өзгерту.
- Әртүрлі.
ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:
1.
2024 жылдың 7 – 11 желтоқсаны:
«Әр түрлі» бөліміне сұрақтар мен ұсыныстарды жолдау;
Жалпы Жиналыстың Күн тәртібінің кез келген мәселелері бойынша ұсыныстар жолдау.
2.
2024 жылдың 12 – 18 желтоқсаны:
Дауыс беру кезеңі.
3.
2024 жылдың 19 – 21 желтоқсаны:
Дауыстарды санау және жиналыстың қорытындысын жариялау.
Жалпы Жиналысты өткізу нысаны – қашықтықтан (онлайн).
Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында және WhatsApp дауыс беруге арналған чаттарда орналастырылады.
Жалпы Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан (онлайн) өткізіледі.
Сайлаушы abyroy.kz сайтындағы Жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырып (оның ішінде электронды толтыру әдістерімен) және abyroi_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына жібереді немесе толтырылған бюллетеньнің скриншотын дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарына жібереді.