«АБЫРОЙ» АВТОРЛЫҚ ҚОҒАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Жарғысының 6.7. тармағына сәйкес, Авторлық Кеңес 2025 жылдың 15 - 28 желтоқсан аралығында Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
Жиналысты өткізу нысаны – қашықтықтан (онлайн).
Өтетін орны - «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ abyroy.kz ресми сайты және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттары.
Жиналыстың басталуы: 2025 жылдың 15 желтоқсаны, сағат 12:00.
Жиналыстың аяқталуы: 2025 жылдың 28 желтоқсаны, сағат 18.00.
Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарында жарияланады.
Жалпы жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан (онлайн) өтеді. Сайлаушы abyroy.kz сайтындағы жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырып (оның ішінде электронды толтыру әдістері) және оны abyroi_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына немесе толтырылған бюллетеньнің скриншотын WhatsApp дауыс беру чаттарына жібереді.
Дауыс беру құқығы бар «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ сайлаушысы болып Қоғамның Жалпы Жиналысының сайлау тізіміне енгізілген 2025 жылдың 15 желтоқсаны жағдайы бойынша қазіргі мүшесі деп танылады.
Сайлаушыларды тіркеу abyroy.kz сайтындағы Жеке кабинетінде тіркелу немесе «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарда болуы жиналыстың басталу сәтінде негізінде есепке алынады.
ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
- Қоғам басшылығының атқарылған жұмысы туралы есебі.
- Қоғам мүшелерінің назарына «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға өзгерістер енгізу қатысты жағдайды жеткізу.
- Авторлық Кеңесіне қосымша сайлау (3 мүше)
- Әртүрлі.
ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ:
«Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ-нің Жарғысының 4.6 тармағына сәйкес, Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысына қатысуға құқығы бар тұлғаларға, «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ Жалпы Жиналысын өткізуге дайындалу үшін, 2025 жылдың 15 – 20 желтоқсан аралығында келесі ұсыныстарды енгізуге мүмкіндігі беріледі:
- Авторлар Кеңесіне мүшелікке өтініштерді қабылдау;
- Жалпы Жиналыстың күн тәртібіндегі кез келген мәселелері бойынша ұсыныстарды жолдау;
- «Әртүрлі» бөлімінде сұрақтар мен ұсыныстарды жолдау.
Жоғарыда аталған ақпарат, «Абырой» Авторлық Қоғамының» мүшелеріне abyroy.kz ресми сайтында жарияланады және дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарына жіберіледі.
Жалпы Жиналыстың тиімділігін арттыру және уақытты үнемдеу үшін, ұсыныстарыңыз мен пікірлеріңізді электронды форматта Қоғамның abyroi_kyzmet@mail.ru ресми электрондық поштасына және Қоғамның +7 747 900 21 43 ресми WhatsApp нөміріне жіберуіңізді өтінеміз.
«Абырой» Авторлық Қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің Жалпы Жиналысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті.
ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫҢ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:
- Қоғам басшылығының атқарылған жұмысы туралы есебі.
- Қоғам мүшелерінің назарына «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға өзгерістер енгізу қатысты жағдайды жеткізу.
- Авторлар Кеңесіне қосымша сайлау (3 мүше)
- Әртүрлі.
ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:
1.
2025 жылдың 15 – 20 желтоқсаны:
Авторлық Кеңесіне мүшелікке өтініштерді қабылдау.
Жалпы Жиналыстың Күн тәртібінің кез келген мәселелері бойынша ұсыныстар жолдау.
«Әр түрлі» бөліміне сұрақтар мен ұсыныстарды жолдау;
2.
2025 жылдың 21 – 25 желтоқсаны:
Дауыс беру кезеңі.
3.
2025 жылдың 26 – 28 желтоқсаны:
Дауыстарды санау және жиналыстың қорытындысын жариялау.
Жалпы Жиналысты өткізу нысаны – қашықтықтан (онлайн).
Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz сайтында және WhatsApp дауыс беруге арналған чаттарда орналастырылады.
Жалпы Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан (онлайн) өткізіледі.
Сайлаушы abyroy.kz сайтындағы Жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырып (оның ішінде электронды толтыру әдістерімен) және abyroi_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына жібереді немесе толтырылған бюллетеньнің скриншотын дауыс беруге арналған WhatsApp чаттарына жібереді.
Аккредиттеу туралы куәлік


«Абырой» Авторлық Қоғамы» ресми сайтының функционалы жайлы қысқа түсініктеме
Бізге сенім артады
Барлық әлемдік және отандық музыка өндірушілер мен мыңдаған кәсіпкерлер бізбен әріптестік орнатқан. Үздіктерге қосылыңыз!
Біз туралы толығырақ
«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін 2010 жылғы 3 ақпанда қазақстандық шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен авторлық құқық иелері өздерінің мүліктік авторлық құқығын ұжымдық негізде басқару, сондай-ақ, авторлық құқығын қорғау мақсатында құрды.
Қоғам Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» және басқа заңнамалық актілердің нормаларына сәйкес құрылды.
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша Қоғам - республикалық қоғамдық бірлестік, ал қызмет аясы бойынша - мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйым. Қазіргі уақытта Қоғамның Қазақстанның 9 ірі облысында филиалдары бар.
Кеңес алу
Неге БІЗ?
Жұмыстың ұзақ мерзімі
«Абырой» Авторлық Қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2010 жылы 3 ақпанда құрылған.Заңды музыка
Біз қазақстандық және әлемдік музыканың толық репертуарына заңды және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз етемізТегін кеңестер
Біз өз қызметтеріміз бойынша ақысыз кеңестер және ең жаңа мәліметтерді ұсынамыз.Бізге сенім артады
Барлық әлемдік және отандық музыка өндірушілер мен мыңдаған кәсіпкерлер бізбен әріптестік орнатқан.Біздің жаңалықтар Біздің жаңалықтар
Жалпы Жиналысты өткізу тәртібі
«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің...
Әрі қарай оқу«АБЫРОЙ» АВТОРЛЫҚ ҚОҒАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің...
Әрі қарай оқуNext Previous Біздің тұтынушылардың пікірі
The Landscaper is a very good landscaping company. They do tree removal also. We liked them because all the employees are hard working, honest and reliable. They always come on time, and the prices are good too!
What a great job carried out by The Landscaper. From the initial planning to completion. Always on time, and left the site spotless on completion. We definitely going to use your landscaping services again in the future!
We found The Landscaper a pleasure to work with. The staff was friendly, hard working and completed the projects within the time agreed upon. Our own ideas were very carefully listened to and reflected in the design
I wanted to take this opportunity to thank you for the excellent service your company provides. Our yard always looks perfect when you are done. You are very thorough and always go the extra mile. Thanks again!






