IV. Бірлестікке мүшелілік

4.6. Қоғамның мүшелері құқылы:

1) басқару органдарына сайлауға және сайламалы болуға;

2) бірлестіктің мүшелерінің Жалпы жиналысына делегаттар болып сайлануға және сайламалы болуға;

3) бірлестіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды басқару органдарының қарастыруына енгізуге және осы мәселелерді талқылауға қатысуға;

4) жалпы жиналыстың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бірлестіктің мүшелерінің Жалпы жиналысында дауыс беруге қатысуға;

5) ақпараттық-әдістемелік және құқықтық көмекті алуға, шетелдік әріптестермен байланыстарды белгілеген кезде Бірлестіктің жәрдемдесуін пайдалануға және олармен жүргізілетін келіссөздерге қатысуға;

6) тиесілі авторлық сыйақыны алған кезде авторлық және сабақтас құқықтар нысандарын және есептелген сыйақылар туралы мәліметтерді талап етуге.

 4.7. Бірлестік мүшесі Бірлестіктің алдында тұрған функцияларды жүзеге асыруға әсер етуге, осы Жарғыны сақтауға және Қоғам өміріне белсенді қатысуға міндетті.

    VI. Бірлестіктің басқару органдары

6.3. Бірлестіктің жоғары басшылық органы бір жылда бір рет шақырылатын Жалпы Жиналыс болып табылады. Жалпы Жиналысты шақыру және өткізу тәртібі Авторлық Кеңес Төрағасының Авторлық Кеңесінің келісімі бойынша анықталады.

Бірлестіктің Жалпы Жиналысына филиалдардан делегаттар Авторлық Кеңес анықтайтын тәртіпте тағайындалады. Өкілдік нормасын Авторлық Кеңес белгілейді. Егер делегат Бірлестіктің Жалпы Жиналысына келе алмаса, оның өкілеттілігі Бірлестіктің филиалының жалпы жиналысы шешімімен Авторлық Кеңесті міндетті түрде ақпараттандыра отырып басқа филиалдың делегатына берілуі мүмкін.

6.4. Жалпы Жиналыстың ерекше құзыретіне мыналар жатады:

1) Бірлестіктің Жарғысын қабылдау және Бірлестіктің Авторлық Кеңес Төрағасының Авторлық Кеңестің келісімі бойынша құзыретіне жатқызылған Бірлестіктің заңды мекенжайы туралы Жарғыға өзгерістер енгізуден басқа, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;           

2) Бірлестіктің Ревизиялық комиссиясы мен Авторлық Кеңесті тағайындау;

6.5. Жалпы Жиналыс, егер оған Бірлестік мүшелерінің жартысынан астам қатысса, заңды болып саналады.

Жалпы Жиналыс дауыс беру сәтінде қол жетімді берілетін және қабылданатын хабарламалардың түпнұсқалығын және олардың құжатпен расталуын қамтамасыз ететін коммуникациялардың барлық қазіргі заманғы электрондық құралдарын пайдалана отырып, дауыс берудің кез келген нысанын, соның ішінде  қашықтағы нысанын пайдаланады.

Жалпы Жиналыстың дауыс беруге қойылған сұрақ бойынша шешімі жиналысқа қатысып отырған авторлардың дауыстарының басым көпшілігімен қабылданады.

6.6. 7 мүшеден туратын Авторлық Кеңес, Бірлестік мүшелерінің қатарынан 5 жыл мерзімге Жалпы Жиналыспен сайланады.  Сайлау/қайта сайлау, сондай-ақ Авторлық Кеңес Төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату үшін (Төрағаның өтініші бойынша), Авторлық Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі дауыс беру керек.

6.7. Авторлық Кеңес:

1) Авторлық Кеңес Төрағасының келісімі бойынша кезекті Жалпы Жиналысты өткізу күні мен тәртібін белгілейді;

2) Өз мүшелерінің арасынан Авторлық Кеңестің Төрағасын сайлайды;

3) өз қызметінің ішкі регламентін бекітеді;

4) Авторлық Кеңес Төрағасының бастамасы бойынша  жиналған авторлық сыйақының төлемдері мен тарату тәртібін бекітеді;

5) Авторлық Кеңес Төрағасының келісімі бойынша ғылым, әдебиет және өнер туындыларын депозиттеуге төлемнің мөлшерін орнатады;

6) Авторлық Кеңес Төрағасының бастамасы бойынша жарғылық функцияларын орындау бойынша көтерген шығындарын жабуға Бірлестікпен ұсталатын авторлық сыйақының жиналған және/немесе алынған сомаларынан комиссиялық аударымдардың мөлшерін орнатады;

7) Бірлестіктің филиалдарын құрумен байланысты сұрақтарды қарастырады (филиал басшыларын тағайындаудан басқа), олар туралы Ережелерді бекітеді;

8) Авторлық Кеңес Төрағасының бастамасы  бойынша бірлестіктің өткен жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті бекітеді;

9) қажет болған жағдайда құрамына авторлық және аралас құқықтар саласындағы мамандар қосылатын Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша кеңестік комиссияларды құрады;

10) Авторлық Кеңес Төрағасының бастамасы бойынша Жалпы Жиналыстың және Авторлық Кеңес Төрағасының айрықша құзыретіне жататын мәселелерден басқа,  сурақтарды қарайды және шешеді;

11) Авторлық Кеңес Төрағасының бастамасы бойынша Бірлестіктің бір жылға арналған бюджетін бекітеді және оған өзгерістер енгізеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге кезеңге арналған бюджетті бекітеді;

12)  Авторлық Кеңес Төрағасының бастамасы бойынша Бірлестіктің заңды мекен-жайын өзгерту бөлігінде Жарғыға өзгеріс енгізуге құқығы бар.

   13) Авторлық Кеңес Төрағасының ұсынысы бойынша Авторлық Кеңес туралы Ережені бекітеді.      

    14) Авторлық Кеңес Төрағасының бастамасы бойынша өмірде қиын жағдайға тап болған Бірлестік мүшелеріне біржолғы материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.

6.8. Авторлық Кеңес Төрағасының бастамасы бойынша, қажеттілігіне қарай, бірақ  айына кемінде 1 рет жиналады. Авторлық Кеңестің отырысы, егер оның жұмысына Авторлық Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, заңды болып табылады (оның ішінде қашықтан қатысу).

Шешімдер Авторлық Кеңестің мүшелерінің отырысына қатысып отырғандардың дауыстарының басым көпшілігімен қабылданады.

Авторлық Кеңес мүшелері Бірлестік жұмысына қатысты атқарған қызметтері үшін сыйақы және шығарған шығындарын өтеуге құқылы (қажет болған жағдайда).