«Абырой» Авторлық Қоғамы" Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Жарғысындағы 6.7 тармағына сәйкес, Авторлық Кеңес 2021 жылдың 15 ақпаны мен 03 наурызы аралығында Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Жалпы Жиналысты өткізу нысаны –қашықтықтан.

Өтетін орны - abyroy.kz  ресми сайты және «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ WhatsApp мессенджеріндегі чаты

Жиналыстың басталуы: 2021 жылдың 15 ақпаны, сағат 12.00 - де

Барлық жұмыс құжаттары abyroi.kz ресми сайтында жарияланып, Қоғам мүшелерінің электрондық пошта мекенжайлары бойынша және WhatsApp мессенджеріндегі чаттарға жіберіледі.

Жалпы Жиналыстың Күн Тәртібі бойынша дауыс беру қашықтан өткізіледі. Сайлаушы  abyroi.kz ресми сайтындағы  қалыптасқан форма бойынша Жеке кабинетінде дауыс береді немесе бюллетеньді толтырады, оны abyroi2021@mail.ru  электрондық поштасына жібереді немее бюллетеннің скриншотын чатқа, көрсетілген WhatsApp  нөміріне жібере алады.

Жалпы Жиналыстың сайлау тізіміне енгізілген, abyroy.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы , жеке электрондық пошта немесе WhatsApp арқылы «Абырой «Авторлық Қоғамы» РҚБ-мен тікелей байланыста болатын, «Абырой «Авторлық Қоғамы» РҚБ-нің қазіргі мүшесі ретінде өзектендіруден өткен Қоғам мүшесі дауыс беру құқығымен «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ-нің сайлаушысы болып танылады.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізімі 2021 жылдың 20 ақпанының жұмыс күнінің соңына дейінгі «Абырой» Авторлық Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі мүшелерінің реестрінің негізінде жасалады.

Сайлаушыларды тіркеу abyroy.kz ресми сайтындағы жеке кабинетте тіркелуі немесе "Абырой "Авторлық Қоғамы" РҚБ-нің WhatsApp мессенджеріндегі чаттарында  болуы негізінде есепке алынады.

 

ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қоғамның Тексеру Комиссиясын сайлау.
  2. Бірлестіктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  3. Әртүрлі.

«Абырой» Авторлық Қоғамы» бірлестігінің кез-келген мүшесі Қоғамның сайланбалы органдарына сайлануға құқылы.

 

АҚПАРАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

«Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ Авторлық Кеңесінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы шешіміне сәйкес қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысына қатысуға құқығы бар адамдарға «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ Жалпы Жиналысын өткізуге дайындалу үшін 2021 жылдың 15-20 ақпан аралығында танысу және ұсыныстар енгізу мүмкіндігі беріледі:

  • Қарастырылатын мәселелер бойынша ұсыныстардың жобаларын әзірлеу;
  • Қоғамның, Тексеруші лауазымына үміткерлер туралы мәліметтер;
  • Ұсынылған үміткерлердің қоғамның тиісті органына сайлануға жазбаша келісімі туралы ақпарат.

Жоғарыда аталған ақпарат «Абырой» Авторлық Қоғамының» мүшелеріне abyroi.kz ресми сайтында жарияланады және WhatsApp арқылы хабарламамен жіберіледі.

Жалпы Жиналыстың тиімділігін арттыру және уақытты үнемдеу үшін ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді электронды форматта ұйымдастыру комитетінің abyroi2021@mail.ru электрондық поштасына және 8 705 130 62 48 (WhatsApp) нөміріне жіберулеріңізді сұраймыз.

«Абырой» Авторлық Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жалпы Жиналысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті.