«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Авторлық Кеңесі 2021 жылдың 24-ші мамырынан 12-ші маусымына дейін авторларды Жалпы Жиналысқа шақыру туралы хабарлайды.
Жалпы Жиналысты өткізу нысаны – қашықтықтан.
Өтетін орны – Қоғамның abyroy.kz ресми сайты және WhatsApp жұмыс чаттары.
Жиналыстың басталуы:
2021 жылдың 24 мамыр сағат 12.00.
Жиналыстың аяқталуы:
2021 жылдың 12 маусым сағат 18.00.
Барлық жұмыс құжаттары abyroy.kz ресми сайтында жарияланып, Қоғам мүшелерінің электрондық пошталарына, мекенжайларына және WhatsApp нөмірлеріне жіберіледі.
Жалпы Жиналыстың күн тәртібі бойынша, дауыс беру қашықтан өткізіледі.
Сайлаушы abyroy.kz Қоғамның ресми сайтындағы «Дауыс беру бөлімінде» Жеке кабинетте дауыс береді, бюллетенді толтырады, оны көрсетілген электрондық поштаға жібереді немесе бюллетеннің скриншотын жұмыс WhatsApp чатқа немесе 8-705-130-62-48 WhatsApp нөміріне жібереді.
Жалпы Жиналыстың сайлау тізіміне енгізілген, «Абырой» Авторлық Қоғаммен байланыста болған «Абырой «Авторлық Қоғамы» РҚБ-нің қазіргі мүшесі ретінде өзектендіруден өткен, Қоғам мүшесі дауыс беру құқығымен «Абырой» Авторлық Қоғамы» РҚБ-нің сайлаушысы болып танылады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізімі 2021 жылдың 1 маусымда жұмыс күнінің соңына дейінгі «Абырой» Авторлық Қоғамы» Қоғамдық Бірлестігі мүшелерінің тізімі негізінде жасалады.
Сайлаушыларды тіркеу abyroy.kz ресми сайтындағы Жеке кабинетте тіркелуі немесе "Абырой "Авторлық Қоғамы" РҚБ-нің WhatsApp жұмыс чаттарында болуы негізінде есепке алынады.
ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
- Қоғамның Авторлық Кеңесін Сайлау.
- Әр түрлі.
«Абырой» Авторлық Қоғамы» Бірлестігінің кез-келген мүшесі, Қоғамның сайланбалы органдарына сайлануға құқылы.
АҚПАРАТПЕН ТАНЫСУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
«Абырой» Авторлық Қоғамы Жарғысына сәйкес, Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналысына қатысуға құқығы бар адамдарға, «Абырой» Авторлық Қоғамы Жалпы Жиналысын өткізуге дайындық кезінде, «Абырой» Авторлық Қоғамы Жалпы Жиналысын шақыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, танысу және ұсыныстар енгізу мүмкіндігі беріледі:
- Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар жобалары;
- Қоғамның Авторлық Кеңесіне сайлау бойынша кандидаттар туралы мәліметтер;
- Қоғамның Авторлық Кеңесіне сайлауға ұсынылған кандидаттардың жазбаша келісімі туралы ақпарат.
Жоғарыда аталған ақпараттар abyroy.kz ресми сайтында орналастырылатын болады, abyroy.kz ресми сайттындағы Жеке кабинет арқылы, Қоғам мүшелерінің мекен жайларына және электрондық пошталарына немесе WhatsApp арқылы хабарламамен жіберіледі.
Жалпы Жиналыстың барынша тиімділігін арттыру және уақытты үнемдеу үшін, сіздерден ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді электронды форматта Ұйымдастыру Комитетінің abyroi2020@mail.ru электрондық поштасына және 8-705-130-62-48 (WhatsApp) нөміріне 2021 жылдың 12 маусымына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
«Абырой» Авторлық Қоғамның
Төрағасы:
Марс Суленов